«Көкібел» жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарихы
Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның қарыштап дамуы көз ілестірмей келе жатқан аса ауқымды процесс болып отыр. Білім дамуының өзгерістері болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталған. Өзге елдермен иық тіресе алатын, бәсекеге қабілетті бола алатын мемлекет болу үшін білімнің іргесін берік қалау керек. Бұл ретте өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан білімнің қасиетті қара шаңырағы «Көкібел» жалпы орта білім беретін мектебі екенін айта кету керек.
Тарихы әріден бастау алатын білім ордасы – халықтың сан ғасырлар бойы жинаған мәдениетін келешек ұрпаққа жеткізетін ұлттық тәлім-тәрбие ошағы. Аталған мектеп «Жүзімдік» ауылдық кеңесінің ескі Көкібел ауылында «Көкібел» бастауыш мектебі болып іргетасы 1931 жылы қаланды. Мектепте 1931 жылы бір мұғалім, 1932 жылы 2 мұғалім сабақ оқытты. Кейіннен қазіргі Көкібел ауылында қазіргі мектептің орналасқан жерінде жаңадан іргетасы қаланды.
Мектеп меңгерушілері және мұғалім болып жұмыс істеген ұстаздар: П.Серкеев (1931-1936 ж.ж.), П.Әбдиев (1936-1940 ж.ж.), Көпжасарұлы Мейманалы (1953-1970 ж.ж.), Райымбеков Қансейіт (1953-1970 ж.ж.), Иманбекова Сапаркүл (1956-1974 ж.ж.), Орманов Балабек (1956-1986 ж.ж.). Жамалбеков Нәжен – мектептің мұғалімі, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері».
Шымкент облыстық атқару комитетінің 1987 жылы 21 шілдедегі №322 шешімімімен мектеп «Көкібел» орталау мектебі болып қайта құрылды.
Мектеп директоры қызметін:
- 1987-1989 ж.ж. Жиенбеков Ермек;
- 1989-1993 ж.ж. Пошахаева Раушан;
- 1993-2009 ж.ж. Әбдіқадыров Жақсылық;
- 2009-2011 ж.ж. Сәменов Уалихан;
- 2012-2020 ж.ж. Құралов Нұрдәулет;
- 2021 жылдан бастап Куздеубаев Жандарбек атқаруда.
Мектеп директорының орынбасарлары болып:
Мейманалиев Рахымберді, Қалменова Сәрсенкүл, Орманова Сейсенкүл, Жұмабаев Есіркеп қызмет атқарды. Ал қазіргі таңда Алтаев Ермахан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Ал мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып Ахаев Қайым қызмет атқарып келеді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2002 жылғы 10 қазан №347 қаулысымен мектеп «Көкібел» орта мектебі статусын алды.
Қазіргі таңда мектепте 259 оқушы білім алады. Мектепалды даярлық сыныбын қосқанда 277 оқушы білім алады. Оқу-тәрбие жұмысын 43 мұғалім атқарып келеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерден де кемде емеспіз. Олар: Нәлібаев Сүттібай, Байдарова Ләззат, Жарқынбекова Ақмарал, Сүлейменов Нұрдәулет, т.б.
Ал қазіргі таңдағы жаңа 200 орындық «Көкібел» жалпы орта білім беретін мектептің жаңа ғимаратының құрылысы 2015 жылды шілде айының 1-і күні басталып, 2016 жылдың 1 тамызында пайдалануға берілді.
Мектеп заман талаптарына сай жабдықталған. Интербелсенді тақта, мультимедия, лингафон, компьютер кабинеттері, физика, химия, технология кабинеттері бар. Метептің спорт залы, алаңы, АКТ залы, кітапханасы, асханасы бар.
Мектебіміздің ұстаздары білімді, білікті, өз ісінің шеберлері. Ұстаздарымыздың жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.
Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Жарқынбекова Ақмарал Өнерқызы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық, облыстық олимпиадаларының жеңімпазы. Сондай-ақ география пәні мұғалімі Налибаев Жандос, тарих пәні мұғалімі Егембердиев Қылышбек ағайлар аудандық деңгейде жетістіктері бар.
Оқушылар арасындағы облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері Құттыбай Меруерт, Тұран Балсезім.
Дзюдодан халықаралық турнирлер жеңімпазы Жақсыбай Нұркелді, Жақсыбай Бақкелді.
«Мұғалім бола салу оңай, ал жақсы мұғалім болу мыңның біріне ғана бұйырады» деген емес пе?! Талай тұлғаларды дүниеге әкелген Көкібел топырағы өз шәкірттерінің биікке шыққанын мақтанышпен айтып жүреді. Мектеп ұжымы өздерінен оқу бітірген, еліне қадірлі тұлғалармен мақтана алады.
Осы білім ошағынан шыққан, елге белгілі тұлғалар
- Бекбосын Көбейұлы – 1928 жылы дүниеге келген. Білікті заңгер, облсоттың мүшесі, журналист, облпрокуратурасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған. КСРО прокуратурасының «Құрметтіқызметкері», әділет полковнигі мектебімізде 1937-1946 жылдары оқыған. Қоғам қайраткері А.Асқаровтың қорғаушысы болған.
- Тілләбай Мақұлбайұлы – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген экономист. Қазығұрт ауданының құрметті азаматы. Мектебімізде 1937-1946 жылдары оқыған.
- Өтемісов Өстемір – инжинер. Шымкет қаласының құрметті азаматы.
- Базаров Серік Абдуллаұлы – интернационалист жауынгер.1986 жылы Ауғанстандағы Кондагар қаласында ерлікпен қаза тапты. «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері.
- Жарқынбеков Асан – дәрігер.Медицина ғылымдарының кандидаты.
- Жамалбеков Мәжит Нәженұлы – ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік ғылыми ғылыми-зерттеу шаруашылығының директоры.
- Қырғызбайұлы Спабек – заңгер, полиция полковнигі.
- Оразов Самат Файзуллаұлы – экономист. Облыстық қаржы бақылау департаментінің бас маманы.
- Ортаев Бақтияр Тұрсынбайұлы – педагогика ғылымының докторы.
- Керімбеков Рахматулла – ұзақ жыл ұстаз болған. Мектеп директоры болған. «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталған.
- Усипов Асан Әбенұлы – ұстаз, журналист.
- Мақұлбаев Сапарбек Төленұлы – заңгер, саясаткер. . Қазіргі таңда С.Рақымов ауылдық округінің әкімі.
- Усипов Баратбай - заңгер, саясаткер. Ауыл әкімі қызметтерін атқарған.
- Алдашев Азат Ерханұлы – жеке кәсіпкер, меценат.
- Куздеубаев Жандарбек Бақтиярұлы – физика пәні мұғалімі, мектеп директоры.
- Жарқынбеков Жандос Кәдірбайұлы - архитектор.
- Бөденбаев Ғани Ертуғанұлы – фермер.
Тарихы бай білім ордасының жетістігі алдағы уақытта да толағай болсын дейміз.
